29 желтоқсан

Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Алматы – арман қала» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

Шара барысында ақындар Алматыға арнаған өз өлеңдерін оқыса, танымал эстрада жұлдыздары Алматы туралы әндер шырқайды.

Әдеби-сазды кеште «Алматы – арман қала» атты республикалық жыр мүшәйрасыныңқорытындысы жарияланып, байқауға қатысушылардың ішінен үздік деп танылған авторлар марапатталады.

Сонымен қатар, кеш барысында дәстүрліреспубликалық «Асыл сөз» әдеби сыйлығыныңиегерлері анықталатын болады. Бұл беделді марапат әдебиет саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген авторларды қолдауға, олардың шығармаларын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Күні мен уақыты: 29 желтоқсан 2025 жыл, сағат 18:00

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top