«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының бесінші күні жас қаламгерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына барып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен, қорымен және қызмет бағыттарымен танысты.

Экскурсия барысында қатысушыларға кітапхана тарихы мен қызметі туралы жалпы шолу жасалып, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі, Әлем әдебиеті қызметі, М.О. Әуезов кабинеті, сондай-ақ Цифрлық технологиялар қызметінің жұмысы таныстырылды.

Кездесу аясында жас жазушыларға арналған кітапхананың мүмкіндіктері, әдеби ізденіс пен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы кеңінен айтылды. Шығармашылық байланыс орнату, әдеби ортадағы жаңа бастамалар мен болашақ жобалар талқыланды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген жас қаламгерлермен кездесіп, кітапхана қызметі, әдебиет пен руханият саласындағы бастамалар туралы ой бөлісті.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top