Бүгін жас қаламгерлерге Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, аудармашы Гүлжігіт Соронкулов, қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс, белгілі жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай, әдебиеттанушы-ғалым, PhD Айнұр Ахметова дәріс оқыды.






Дәрістер барысында қатысушылар қазіргі әдеби үдерістер, поэзия мен прозаның көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық ізденіс, әдеби талдау мен қаламгер шеберлігі туралы құнды ой-пікірлерге қанығып, тәжірибелі мамандармен пікір алмасты.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
