«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, аудармашы Гүлжігіт Соронкулов жас қаламгерлерге дәріс оқыды.
Дәріс барысында ғалым көркем аударманың ерекшеліктері, түркі халықтары әдебиетінің өзара байланысы, әдеби ізденіс, шығармашылық жауапкершілік және қаламгердің қоғамдағы орны туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, әдебиеттану мен аударма саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас авторларға шығармашылық жолға қатысты құнды кеңестер берді.


Дәріске қатысушылар Гүлжігіт Соронкуловтың ғылыми және шығармашылық қызметі, қазіргі түркі әдебиетінің даму үрдістері мен көркем аударма мәселелері жөнінде сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы жас қаламгерлердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және әдеби байланыстардың нығаюына үлкен ықпал етуде.
Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі
