Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебінің алтыншы күні өтті

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясындағы алтыншы оқу күні жас қаламгерлер үшін мазмұнды дәрістер мен шығармашылық кездесулерге арналды.

Бүгін қатысушыларға әдебиет, аударма және шығармашылық шеберлік бағыттары бойынша тәжірибелі қаламгерлер дәріс оқыды. Лекторлар қатарында Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, аудармашы Гүлжігіт Соронкулов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов, өнертану кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, театртанушы ғалым Амангелді Мұқан, белгілі жазушы, публицист, Қали Сәрсенбай және белгілі әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке болды.

Дәрістер барысында жас қаламгерлер көркем шығарма жазу үдерісі, әдеби ізденіс, ұлттық әдебиеттің бағыттары, аударма саласы жайлы құнды ой-пікірлер айтылды. Лекторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас қаламгерлердің шығармашылық дамуына бағыт-бағдар берді.

Шеберлік мектебі аясындағы сабақтар поэзия, проза, драматургия және әдебиеттану бағыттары бойынша жалғасуда.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top