Қазақстан Жазушылар одағында – Әдеби шеберлік мектебінің жетінші күні

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының жетінші күні жас қаламгерлер үшін тағылымды сапармен жалғасты. Курс қатысушылары қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің мәңгілік мекені мен Кеңсай зиратына барып, қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының рухына тағзым етті.

Жас ақын-жазушылар қаламгерлердің рухына құран бағыштап, қазақ поэзиясының жауһар жырларын оқыды. Сондай-ақ, әдебиет алыптарының өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер тыңдап, рухани тағылым алды.

Қаламгерлердің мәңгілік тыныс тапқан қасиетті орындарына жас буын өкілдерін Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай бастап барды.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top