Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылды

Көрнекті ақын, аудармашы, балалар әдебиетінің өкілі, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Оразақын Асқар тұрған Алматы қаласы, “Мамыр-1” ықшамауданындағы 16 үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылуына Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев қатарлы белгілі тұлғалар мен қаламгердің туыс-туғандары, көрші-көлемі қатысып, Оразақын Асқардың шығармашылығы мен өмірі туралы әсерлі естеліктерін айтты.

Шара соңында ақынның отбасы марқұмның рухына арнап ас беріп, құран бағыштады.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top