Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы да қатысты.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екі халықтың қазіргі заманғы жазушыларының шығармаларын өзара аудару, кітап басып шығару және оқырмандарға таныстыру жайы сөз болды.

Рәсул Исмаилзадә Дузал қазақ әдебиетінің бай тарихы мен қазіргі бағытына ерекше қызығушылық танытып, екі ел қаламгерлерінің арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға дайын екенін білдірді.
Бұл бастама бауырлас әрі көршілес қос халықтың рухани жақындасуына, әдеби диалогтың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашпақ.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
