Бүгін Алматы қаласындағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар ұйымының өкілдері қатысты.




Қаланың барлық ауданында, саябақтарда, мектептерде және өзге де қоғамдық орындарда салтанатты іс-шаралар өтіп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мереке аясында Алматы қаласында конференция, жастар челленджі мен акциялар ұйымдастырылып, ғимараттардың қасбетіне Мемлекеттік Ту ілінді.
Мерекелік бағдарлама Көктөбедегі қазақстандық өнерпаздардың Open Air концертімен қорытындыланады.
