«Жұлдыз» – Қазақстан Жазушылар одағының әдеби-әлеуметтік журналы.

«Шолпан» (1922), «Таң» (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрген. Әр жылдары «Жаңа әдебиет» (1928–32), «Жыл құсы», «Әдебиет майданы» (1932–39), «Майдан» (1941–45), «Әдебиет және искусство» (1939–41; 1945–57) атауымен шығып тұрған. 1957 жылдан «Жұлдыз» деген атпен шығады. Ұлы Отан тұсында үш жыл жабылып қалса, соғыстан кейінгі уақытта да жылдар бойы жабылып қалған кезеңі болған.

Журналдың қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Бейімбет Майлин, Iлияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов көп еңбек сіңірді. Алғашқы редакторы – Сәкен Сейфуллин. Журналға Өтебай Тұрманжанов (1935–1937), Мағзұм Тиесов, Ғабиден Мұстафин (1940–1948), Тахауи Ахтанов (1953–1954 және 1971–1972), 3ейнолла Қабдолов (1954–1957), Жұбан Молдағалиев (1958–1962), Әбдіжәміл Нүрпейісов (1962–1964), Сырбай Мәуленов (1964–1971), Шерхан Мұртаза (1972–1975), Бекежан Тілегенов (1975–1988), Мұхтар Мағауин (1988–2006), Темірхан Медетбек (2006–2008), Ұлықбек Есдәулет (2008–2018), Ғалым Жайлыбай (2018-2020), Мереке Құлкенов (2020-2023), Тұрысбек Сәукетаев (2023-2024) басшылық жасаса, 2024 жылдың қазан айынан белгілі қаламгер, публицист Дәурен Қуат Бас редактор. Журналдың «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Әдеби мұра», «Зерде», «Әдебиеттану», «Сөз сәулесі», «Күміс қанат тырналар» тағы басқа бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар, әлемдік классикалар жарияланады. Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде беріледі.

«Жұлдыз» – Алаш жұртының сан ғасырлық даналығын бойына жинақтаған, таза ұлттық журнал. ХХІ ғасырға тиесілі тәуелсіз жаңа қазақ әдебиетінің бас ордасы, құтты ошағы, еліміздегі ең байырғы әдеби басылым – «Жұлдыз» журналының ұлттық руханиятымыздағы алатын орны ерекше. Ғасырға жуық уақыт бедерінде әдебиетіміздің классиктерінен бастап, жаңа талап жас таланттарымыздың үздік шығармалары «Жұлдыз» бетінде үздіксіз жарық көріп келеді. Яғни барлық жанрдағы көркем туындылар осы басылым бетінде кеңінен қамтылып, оқырман жүрегінен орын тапты.
Бұл ретте көркем туындылармен қатар күре тамырлы тарихымыз, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің келелі мәселелері, жеке тұлғалар туралы тың зерттеу, соны тұжырымдар «Жұлдызда» көптеп жарық көретінін баса айтқан жөн.

«Күміс қанат тырналар» айдарында әлемдік классикамен бірге қазіргі ең танымал шетел ақын-жазушыларының үздік туындылары, бүгінгі фантастикалық, детективтік шығармалардың таңдаулы үлгілері, сондай-ақ түрік халықтары әдебиетінен жаңа тәржімалар, дін-ислам дәрістері, пайғамбарлар мен әулие-әмбиелердің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз-әфсаналар, ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикаялар, ғылым мен техниканың қиял жетпес ғажайыптарына арналған танымдық материалдар, арғы-бергі тарихымыз, төл мәдениетіміздің келелі мәселелері, жеке тұлғалар туралы тың зерттеу, соны тұжырымдар, бүгінгі күннің өзекжарды мәселелерін байыппен зерделеген батыл пайымдаулар журналда молынан қамтылады.

Журнал қандай қиын дәуірді бастан кешсе де, бір өліп, бір тіріліп жүріп, ұлттық сананың қозғаушысы, азат ойдың жаршысы, тарихтың көркем шежіресі, әдебиеттің диірмені, халықтың қайрағы, еркін рух ошағының отын үрлеуші көрігі бола білді. Өз дәуірінің тыныс-тіршілігін суреттеген, тәуелсіз заманды жырлаған, қазіргі замандастарымызды бейнелеген қаламгерлерге кең жол ашты.

Көне сөздің құлағы, жаңа сөздің бұлағына айналды.

 

Толығырақ сайтқа өту: https://juldyz.info/

Мереке Құлкенов

Редакторлар кеңесінің төрағасы

1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген.

2018 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, 2021 жылы «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, ал 2023 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы болып сайланды.

Құлкенов Мереке – ұлттық журналистика мен әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті қаламгер, редактор, баспагер және қоғам қайраткері.

Дәурен Қуат

Бас редактор

1973 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, М. Қашқари атындағы, Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Әлқисса», «Бөрісоқпақ» атты прозалық кітаптары жарық көрген. «Алтын орда», «Жас қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Бас редактор болған.

Дархан Бейсенбекұлы 

Бас редактордың орынбасары

Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

«Ана тілі» газеті Бас редакторының орынбасары, «Алаш айнасы» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жауапты хатшы

Нұрлан ҚАМИ

Art-редактор

Марат СӘБДІКЕН

ТIЛШIЛЕР:

Жұмабай ҚҰЛИЕВ
Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИҰЛЫ (Маңғыстау облысы),
Нұрдәулет АҚНАЗАРОВ
(Атырау облысы),
Сабырбек ОЛЖАБАЙ
(Оңтүстік өңірі),
Толымбек ӘБДІРАЙЫМ
(Арқа өңірі)

Корректорлар

Бағдижамал ТӨЛЕШҚЫЗЫ

Редакция алқасының мүшелері

АМАНШАЕВ Ермек
АХМЕТБЕКҰЛЫ Алмас
ӘШІМҰЛЫ Асанәлі
БЕГМАНОВ Қасымхан
ЕЛУБАЕВ Смағұл
ЖАҚЫП Бауыржан
ИМАНҒАЗИНА Бибігүл
ҚОЖАХМЕТОВА Мағира
ҚОЙГЕЛДИЕВ Мәмбет
МАТЫЖАНОВ Кенжехан
МӘЖИТОВ Марат
МЕҢДЕКЕ Әмірхан
НҰРЖЕКЕЕВ Бексұлтан
ОРАЗАЛИН Нұрлан
ОРАЛБАЙ Өтеген
СЕГІЗБАЙҰЛЫ Кәдірбек
ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт
ФАЗЫЛЖАНОВА Анар
ЫБЫРАЙЫМ Бекен
ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа

Газеттің индексі: жеке жазылушылар үшін — 75685; мекемелер мен ұйымдар үшін — 25685

Жеке жазылушыларға:
Қалаларда:

1 айға — 971,60 т.

3 айға — 2 914,80 т.

6 айға — 5 829,60 т.

12 айға — 11 659,20 т.

Аудандар мен
ауылдарда:

1 айға — 971,60 т.

3 айға — 2 914,80 т.

6 айға — 5 829,60 т.

12 айға — 11 659,20 т.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға:
Қалаларда:

1 айға — 1230,68 т.

3 айға — 3692,04 т.

6 айға — 7384,08 т.

12 айға — 14 768,16 т.

Аудандар мен
ауылдарда:

1 айға — 1171,60 т.

3 айға — 3514,80 т.

6 айға — 7029,60 т.

12 айға — 14059,20 т.

«Жұлдыз» журналына жергілікті «Қазпошта» бөлімшелері, сондай-ақ «Эврика пресс», «Евразия пресс», «Ернұр пресс», «Қазпресс» мекемелері арқылы жазылуға болады.

Құрметті оқырман! «Жұлдыздың» электрондық нұсқасын juldyz.info сайтынан оқи аласыздар.

Бізбен байланыс

Бас редактор: 8 (705) 2-14-50-50

Жауапты хатшы: 8 (707) 2-55-59-43

Компьютер орталығы: 8 (702) 4-36-38-88

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Байланыс орталығы

Электронды почта

Әлеуметтік желілер

© Қазақстан Жазушылар Одағы

Қазақстан Республикасы, Алматы, Абылай хана 105

Scroll to Top