Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының құзырындағы «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Жалын», «Простор» журналдарының бас редакторларымен жиналыс өткізді.
Жиналыста әр басылым бойынша редакторларға арнайы тапсырма берілді, сонымен қатар олардың орындалу мерзімі мен негізгі талаптары белгіленді. Бұған қоса, биылғы жылға жоспарлар құрылып, ақпараттық материалдардың сапасын арттыру, тақырыптық жоспарларды жетілдіру және өзара үйлесімділікті күшейту мәселелері талқыланды. Редакторларға журналистердің жұмысын қадағалау, мазмұндық бағытты нығайту және оқырмандарға қызықты әрі өзекті ақпарат ұсыну жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Төраға басылымдардың сапасын көтеру, әлеуметтік желілерде кең көлемде насихаттау, таралымын көбейту мәселелері төңірегінде баса айтты. Қазіргі заманда басылымдардың таралымы тым аздығын, әлеуметтік желілерді толық пайдаланып, оған белсенді жұмыс жасау керектігін нұсқады. –Алды ғасырдан астам тарихы бар, республикадағы бірден-бір газет-журналдарымыздың ғұмырын ұзарту – біздің ең үлкен борышымыз – деп қорытындылады.
Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі
