Көрнекті қаламгерлер Мо Янь мен Әкбар Мәжит «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Құрметті профессоры» атанды

Әлем әдебиетінің көрнекті өкілі, қытай жазушысы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь және белгілі жазушы, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әкбар Мәжит «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құрметті профессоры» атанды.

Бұған дейін Мо Янь Қазақстанға алғаш рет келіп, Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен ҚазҰУ қабырғасында жас жазушыларға әдеби шеберлік дәрісін оқығанын жазған едік.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестікті іске асыруға бағытталған «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында жүзеге асты.

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтып, қазақ әдебиетінің халықаралық кеңістіктегі орнын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top