Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестікті іске асыруға бағытталған «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының оқушыларына әлем әдебиетінің көрнекті өкілі, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь арнайы дәріс оқыды.
Кездесу барысында жазушы көркем шығарма жазудағы тәжірибесі, қаламгердің ізденісі, әдебиеттегі адам болмысын бейнелеу мәселелері туралы ойларымен бөлісті.




Мо Янь жас авторларға шығармашылық еркіндік, өмірлік тәжірибені көркем оймен ұштастыру және ұлттық құндылықтарды әдебиет арқылы жеткізудің маңызы жөнінде айтты.
Әдеби шеберлік мектебінің оқушылары жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әлемдік деңгейдегі қаламгердің шығармашылық жолы мен жазу үдерісі туралы құнды кеңестер алды.
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы жас буынның әдеби талғамын қалыптастырып, заманауи қазақ әдебиетінің дамуына серпін беретін маңызды шығармашылық алаңға айналып отыр.
