Махамбет мұрасы – мәңгілік: Атырауда Махамбет сыйлығы салтанатты түрде табысталды

Атырау қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрында салтанатты шара өтті. Бұл мәртебелі жиын барысында Атырау облысы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен ұйымдастырылған Махамбет атындағы халықаралық әдеби сыйлықты табыстау рәсімі өткізілді.

Екі жылда бір берілетін бұл әдеби сыйлық еліміздің руханияты мен сөз өнеріне қосқан елеулі үлес үшін тағайындалады.
Биылғы жылы «Поэзия» номинациясы бойынша ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

????Иранбек Оразбаев, ал «Проза» номинациясы бойынша сыншы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
????Әлия Бөпежанова лауреат атанды.

Салтанатты жиында марапаттарды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов пен ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбай табыстады.

Мерекелік жиын аясында Қазақстан Жазушылар одағының делегация мүшелері, қала қонақтары мен ақын-жазушылар Тәкен Әлімқұловтың «Қош бол, Қарой» атты драмалық қойылымын тамашалады.

Scroll to Top