Көрнекті жазушы, журналист, аудармашы, драматург Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мархабат Байғұт тағылымы: Арайлы Алматыға – шырайлы Шымқаладан» атты әдеби керуен Алматы қаласына табан тіреді.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен, ҚР Ұлттық кітапханасы және Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесуімен өткен бұл әдеби шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар қатысты.
Шараны Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жүргізіп, жазушының шығармашылық жолы мен әдебиеттегі орны жайлы кеңінен тоқталды.
Іс-шараға қатысқан қонақтар мен белгілі қаламгерлер, әдебиет жанашырлары қаламгердің көркем прозадағы қолтаңбасы мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті.
Мархабат Байғұттың шығармалары бүгінгі таңда республика кітапханаларында кеңінен насихатталып, қалың оқырманның рухани қажеттілігіне айналып отыр.
