Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов әдебиет пен мәдениетке көрсеткен қолдауы мен қайырымдылық қызметі үшін белгілі меценат, кәсіпкер, мұнай саласының үздігі Титюк Сергей Николаевичті Одақтың жоғары марапаты — «Атымтай жомарт» медалімен марапаттады.

Салтанатты сәтте Мереке Құлкенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанын тілге тиек етіп, осы бастама аясында Сергей Титюктың еңбегін ерекше атап өтті. Ол Жазушылар одағының шығармашылық жобалары мен алдағы жоспарларымен таныстырып, меценатпен өзара ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.
Мереке Құлкенов сонымен қатар «Атымтай жомарт» атауының тарихи мәніне тоқталып, бұл марапаттың тек ерекше еңбегімен көзге түскен санаулы азаматтарға ғана табысталатынын атап өтті.
