Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам жас қаламгерлерге дәріс оқыды

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам жас қаламгерлерге дәріс оқыды.

Дәріс барысында қаламгер көркем шығарма жазудың ерекшеліктері, әдеби ізденіс, шығармашылық жауапкершілік және жазушының қоғамдағы орны туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, проза мен драматургия саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас авторларға қаламгерлік жолға қатысты құнды кеңестер берді.

Кездесу барысында қатысушылар Еркін Азамның шығармашылық әлемі, әдебиеттегі бағыт-бағдары жайлы сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы жас қаламгерлердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және әдеби байланыстардың нығаюына үлкен ықпал етуде.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top