«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн жас қаламгерлерге дәріс оқыды.
Дәріс барысында ақын қазіргі поэзияның бағыттары, көркем ойлау, шығармашылық ізденіс және аударма өнерінің ерекшеліктері туралы ой қозғады. Фарид Хусейн әдебиеттің халықтар арасындағы рухани байланысты қалыптастыратын маңызды құрал екенін атап өтіп, өз шығармашылық тәжірибесімен бөлісті.


Дәріс кезінде жас авторлар ақынға сұрақтарын қойып, поэзия, әдеби байланыстар және қаламгерлік шеберлік туралы мазмұнды пікір алмасты.
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» аясындағы дәрістер жас қаламгерлердің білімін арттырып, шығармашылық дамуына үлкен мүмкіндік болып отыр.
Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі
