«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының тоғызыншы оқу күні мазмұнды дәрістерге ұласты.
Дәрістер кезінде жас қаламгерлерге әдебиеттегі ізденіс, шығармашылық шеберлік, көркем ойлау, авторлық стиль және заманауи әдеби үдерістер туралы құнды ойлар айтылды.
Сабақ барысында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам, әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов және жазушы Ырысбек Дәбей өз тәжірибелерімен бөлісті.




Қаламгерлер өз дәрістерінде әдебиеттің жауапкершілігі, сөз өнерінің табиғаты, ұлттық болмыс пен көркем туындының байланысы жайында ой қозғап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Жас жазушылар өзара пікір алмасып, әдебиет әлеміндегі жаңа бағыттар мен ізденістер туралы талқылау жүргізді.
Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі
