Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қытайдың белгілі жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Яньның қазақ қаламгерлерімен кездесуі өтті.

Қазақстанға алғаш рет келген қаламгер кітапхана қорымен танысып, тарихи және мәдени құндылығы жоғары қолжазбалар мен сирек құжаттар жинағын тамашалады.

Айта кетейік, қаламгердің Қазақстанға сапары Алматы қаласынан басталды. Онда жазушының қазақ тіліне аударылған «Сарымсақ жыры» романы мен «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» атты публицистикалық жинағының таныстырылымы өтті.

Scroll to Top