«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының үшінші күні.

Бүгін жас қаламгерлерге жазушы, драматург, аудармашы, әрі кәсіби театр режиссері, «Алып балықтың күрсінуі» атты прозалық жинақ пен «Зор Білгамеш һәм Қорқыт Ата» сынды драмалық шығармалардың авторы, «Шырмауық астындағы шырғалаң» (Юджин О Нил), «Қос мұңлық» (Бикен Римова), Дж.Патриктің пьесалары сынды бірқатар қойылымдарды сахналаған Асылбек Ықсан;

Белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, мәдениет қайраткері және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Жыр-Перзент» (2001), «Киелі түндердің дұғасы» (2011), «Хауас» (2013), «Ғаусар» (2014), «Үміт жырлары» (2015) сынды кітаптардың авторы Ерлан Жүніс дәріс оқыды.

Scroll to Top