ҚР Ұлттық кітапханасы ғимаратында «Қоңыратбаевтар әлемі және ұлттық руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиын көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығы мен филология ғылымының докторы Тынысбек Қоңыратбайдың 70 жас мерейтойына орай өтті. Конференция барысында Қалжан, Әуелбек, Әлібек Қоңыратбаевтар мен Тынысбек Қоңыратбайдың ғылым мен мәдениеттегі орны, шығармашылық мұрасы жан-жақты талқыланды.
Конференция барысында қонақтарға ағайынды Қоңыратбаевтар еңбектерінен жасақталған кітап көрмесі ұсынылды және «Қоңыратбаевтар династиясы», «Біртуар. Тынысбек Қоңыратбаев» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Көрмеге энциклопедиялық жазбалар, библиографиялық көрсеткіштер мен сирек деректер қойылды.
Сонымен қатар, конференция барысында Қалжан және Әлібек Қоңыратбаев шығармалары мен профессор Тынысбек Қоңыратбаевтың 3 томдық «Руханият әлемі» шығармалар жинағының және музыкалық шығармаларының тұсауы кесілді.
Конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар баяндама жасады.
