Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Шабыт берген Алматы!» атты республикалық поэзия байқауының
Ережесі
Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Шабыт берген Алматы!» атты республика аясындағы поэзиялық шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
1.2. Байқау дарынды авторларды анықтау мен қолдауға, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласының тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына, даму кезеңіне арналған шығармаларды қолдауға және оларды кеңінен насихаттауға бағытталған.
1.3. Байқауға тапсырыс беруші – Алматы қаласы Мәдениет басқармасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.4. Байқау Қазақстан Республикасы деңгейінде өткізіліп, қорытындысы Алматы қаласында шығарылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
- өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау;
- байқауға ұсынылған шығармаларға сараптамалық бағалау жүргізу;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;
- жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізу.
1.5. Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, байқау шығармаларына қойылатын талаптарын, оларды бағалау өлшемдерін (критерийлерін), сондай-ақ Тапсырыс берушінің, қазылар алқасы мүшелерінің және Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
- Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаттары:
- Алматы қаласының тарихи, мәдени және рухани маңызын, оның Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ашып көрсету;
- Алматы қаласының өткені, бүгіні мен болашағын поэзиялық туындылар арқылы бейнелеу;
- Қаланың тарихын сақтау және мәдени мұрасын насихаттау;
- Алматыға еліміздің ең ірі мәдени, ғылыми және қоғамдық орталығы ретінде тұрақты қызығушылық қалыптастыру;
- Алматының тарихын, дәстүрін, табиғи сұлулығы мен қарқынды дамуын поэзиялық тұрғыдан зерделеу арқылы заманауи көркем бейнесін қалыптастыру;
- Дарынды ақындарды қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау.
- Байқаудың міндеттері
- Алматы қаласының тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттау;
- Ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде поэзиялық шығармаларға қызығушылықты арттыру;
- Алматы қаласына арналған жаңа әдеби шығармалардың жазылуына қолдау білдіру;
- Алматының бай тарихы, бірегей мәдениеті және жоғары шығармашылық әлеуеті бар қала ретіндегі оң имиджін қалыптастыру;
- Қаланың өткені, бүгіні мен болашағын көркемдік тұрғыдан зерделеу арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту;
- Әдеби үдерістің дамуына және қазіргі отандық поэзияны насихаттауға ықпал ету.
- Байқау қатысушылары
3.1. Байқауға ұлтына, тұрғылықты жеріне және қызметіне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады;
3.2. Байқауға 18 жастан асқан кез келген азамат өтінім бере алады;
3.3. Байқауға қатысу тегін.
- Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
4.1. Байқауға Алматы қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына, табиғи сұлулығына және қазіргі дамуына арналған қазақ немесе орыс тіліндегі поэзиялық шығармалар қабылданады.
4.2. Әрбір қатысушы тақырыпқа сай 1-2 поэзиялық шығарма ұсынады.
4.3. Қатысушы байқауға 5 шумақтан кем емес поэзиялық шығарма ұсынуы тиіс.
4.4. Байқауға ұсынылатын шығармалар:
- Байқау тақырыбына сәйкес болуы;
- Автордың жеке әрі түпнұсқа туындысы болуы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдарды қолданбауы;
- Зорлық-зомбылыққа, экстремизмге, ұлтаралық немесе діни араздыққа арандатуға үндейтін мазмұнды қамтымауы тиіс.
4.5. Бұған дейін баспа немесе электрондық басылымдарда жарияланбаған, сондай-ақ өзге әдеби байқауларда жеңімпаз немесе жүлдегер атанбаған шығармалар ғана қатысуға жіберіледі.
4.6. Шығармалар қағаз немесе электрондық форматта (DOC немесе DOCX) ұсынылады.
4.7. Байқау жұмыстары мынадай талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс:
- қаріп – Times New Roman;
- қаріп өлшемі – 14 pt;
- жоларалық интервал – 1,5;
- мәтінді бет ені бойынша туралау;
- бет жиектері: сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, жоғарғы және төменгі – 2 см.
4.8. Байқауға ұсынылған жұмыстарға рецензия берілмейді және кері қайтарылмайды.
4.9. Байқауға шығармасын ұсына отырып, қатысушы өзінің авторлығын растайды және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасының сақталуына жауапты болады.
4.10. Автор өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін Ұйымдастыру комитетінің атына жазбаша өтініш жолдау арқылы байқау жұмысын кері қайтарып алуға құқылы.
4.11. Байқауға қатысу үшін қатысушы электрондық пошта арқылы мынадай материалдарды жолдайды:
- белгіленген үлгідегі қатысу өтінімі (1-қосымша, 2-қосымша);
- осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген байқау шығармалары;
- қатысушының электрондық форматтағы сапалы фотосуреті (JPEG, PNG, ажыратымдылығы кемінде 300 dpi);
- көлемі бір беттен аспайтын қысқаша шығармашылық өмірбаяны;
- ұсынылған шығармаларға қысқаша аңдатпа (қатысушының қалауы бойынша).
4.12. Толық көлемде ұсынылмаған немесе осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделмеген материалдар Байқауға қатысуға жіберілмейді.
4.13. Байқауға тек қатысушының өзі жазған авторлық шығармалар ғана қабылданады.
4.14. Жасанды интеллект технологиялары, мәтінді өңдеуге арналған бағдарламалар, нейрожелілік сервистер арқылы поэзиялық шығармаларды толық немесе ішінара жасауға, өңдеуге, редакциялауға жол берілмейді.
4.15. Тапсырыс беруші қатысушыдан шығарманың авторлығын растайтын қосымша материалдарды, оның ішінде қаралым нұсқаларын, мәтіннің бастапқы редакцияларын, қолжазбаларын және шығармашылық үдерісті растайтын өзге де дәлелдерді сұратуға құқылы.
4.16. Қатысушы өтінімде және ұсынылған материалдарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
4.17. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, қатысушы осы Ереженің талаптарымен толық келісетінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің жеке деректерін өңдеуге келісім беретінін растайды.
4.18. Егер байқау жұмысын әзірлеу барысында жасанды интеллект қолданылғаны немесе авторлық құқық туралы жалған мәлімет ұсынылғаны анықталса, Комиссия байқау жұмысын Байқаудың кез-келген кезеңінде қабылдамауға құқылы.
- Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімдері
5.1. Байқау үш кезең бойынша өткізіледі.
I кезең – Байқау жұмыстарын қабылдау
2026 жылғы 29 шілде мен15 тамыз аралығында қатысушылардан өтінімдер мен байқау материалдары almatyshabyt@almatylibrary.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
II кезең – Байқау жұмыстарын қарау және бағалау
Сараптамалық комиссия мен қазылар алқасының отырыстары өткізіліп, байқау жұмыстары қаралады және бағаланады, сондай-ақ жеңімпаздар анықталады.
III кезең – Қорытынды іс-шара және марапаттау рәсімі
Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласы күніне орай өткізіледі.
- Қазылар алқасы
6.1. Байқау жұмыстарын бағалау үшін танымал ақындардан, жазушылардан, әдебиеттанушылардан, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, қоғам өкілдерінен тұратын қазылар алқасы құрылады.
6.2. Қазылар алқасының құрамы Байқаудың Тапсырыс берушісімен бекітіледі.
6.3. Қазылар алқасы байқау жұмыстарын мынадай өлшем (критерий) бойынша бағалайды:
- байқау тақырыбына сәйкестігі – 10 балға дейін;
- шығарманың көркемдік деңгейі және автордың кәсіби шеберлігі – 10 балға дейін;
- авторлық идеяның және шығармашылық шешімнің бірегейлігі – 10 балға дейін;
- поэзиялық тілдің бейнелілігі, көркемдігі және мәдениеті – 10 балға дейін;
- шығарманың оқырманға эмоциялық әсері – 10 балға дейін.
Бір шығарма үшін берілетін ең жоғары баға – 50 балл.
6.4. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасы мүшелері берген балдардың жалпы жиынтығы бойынша айқындалады.
6.5. Қорытынды бағалар тең болған жағдайда шешім қазылар алқасы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
6.6. Қазылар алқасының мүшелері байқау жұмыстарын бағалау кезінде объективтілік пен бейтараптықты қамтамасыз етуге міндетті.
6.7. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және қайта қаралмайды.
- Байқау қорытындысын шығару және марапаттау
7.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
7.2. Байқау жұмыстарының бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар Байқаудың жеңімпаздары болып танылады.
7.3. Байқау қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленді:
- I орын – 1 жеңімпаз – 3 000 000 (үш миллион) теңге;
- II орын – 1 жүлдегер – 2 000 000 (екі миллион) теңге;
- III орын – 1 жүлдегер – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- Ынталандыру сыйлығы – 5 жүлдегерге 300 000 (үш жүз мың) теңгеден.
7.4. Қазылар алқасы мен Ұйымдастырушының шешімі бойынша арнайы дипломдар, ынталандыру сыйлықтары және арнайы номинациялар тағайындалуы мүмкін.
7.5. Байқау қорытындысы қазылар алқасы отырысының хаттамасымен рәсімделіп, Тапсырыс берушімен бекітіледі.
7.6. Жеңімпаз бен жүлдегерлер туралы ақпарат Тапсырыс берушінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
7.7. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерінің шығармалары «Шабыт берген Алматы!» атты жинақта жарық көреді және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырылады.
- Қорытынды ережелер
8.1. Байқауға қатысу қатысушының осы Ереженің талаптарымен толық әрі сөзсіз келісетінін білдіреді.
8.2. Тапсырыс беруші осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Енгізілген өзгерістер туралы ақпарат Тапсырыс берушінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
8.3. Байқау материалдарын ұсына отырып, қатысушы өзінің авторлығын растайды және үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылмайтынына кепілдік береді.
8.4. Тапсырыс беруші қатысушылардың үшінші тұлғалардың авторлық және өзге де құқықтарын бұзуына байланысты жауапкершілік көтермейді.
8.5. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тапсырыс берушімен шешіледі.
8.6. Байқаудың жекелеген кезеңдерін өткізу мерзімдері Ұйымдастырушының шешімі бойынша қатысушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып өзгертілуі мүмкін.
8.7. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды және Тапсырыс беруші белгілеген тәртіппен сақталады.
8.8. Байқаудағы жекелеген кезеңдердің өткізілу мерзімдері Ұйымдастырушымен келісу бойынша нақтылануы немесе түзетілуі мүмкін.
«Шабыт берген Алматы!» республикалық поэзиялық шығармалар
байқауына қатысуға
ӨТІНІМ

Байқауға шығарманы жолдау арқылы:
- қатысушы өзінің автор екенін растайды және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының сақталуына жауапты болады;
- қатысушы алынған шығармаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрі қарай пайдалану, жариялау және көбейтуге рұқсат береді;
- қатысушы шығармашылық жұмысты өтеусіз негізде интернет желісінде (байқау ұйымдастырушыларының сайттарында) орналастыруға, оны теле және радиобағдарламаларда пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық емес мақсатта баспа, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға келісім береді;
- қатысушы ұсынылған байқау жұмысы өзінің жеке шығармашылық еңбегінің нәтижесі екенін және оның толық немесе ішінара жасанды интеллект қолдану арқылы жасалмағанын растайды
Қосымша №2
Байқауға қатысушының жеке деректерін өңдеуге келісімі
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін
Мен,___________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байқауға қатысу шеңберінде ұсынылған өзімнің жеке деректерімді байқау ұйымдастырушысына жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және таратуға өз келісімімді беремін.
Жеке деректер(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы, оқу/жұмыс орны) және байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті өзге де мәліметтер жатады.
Осы келісім келесі мақсаттарда беріледі:
– байқауға тіркеу және қатыстыру;
– байқау материалдарын қарастыру;
– байқау қорытындыларын шығару;
– жеңімпаздар мен жүлдегерлер туралы ақпаратты жариялау;
– байқауды өткізу бойынша есептік және ақпараттық материалдарды дайындау.
Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде құжаттарды сақтау кезеңін қоса алғанда, байқау өткізілетін кезеңге қолданылады. Мен дербес деректер субъектісінің құқықтарымен танысқанымды және өз дербес деректерімді көрсетілген мақсаттарда өңдеуге келісетінімді растаймын.
