Түркі дүниесінің әдебиет саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында халықаралық жиын өтті

Түркі әлемінің ортақ әдеби мұрасын сақтау және дамыту, ТҮРКСОЙ үйымына мүше мемлекеттердің Жазушылар одақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ 2027 жылға арналған қызметті ортақ көзқарас негізінде жоспарлау мақсатында 2026 жылғы 19-22 тамыз аралығында «2026 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы – Әндіжан» іс-шаралары аясында Өзбекстан Республикасының Әндіжан қаласындаТҮРКСОЙ Жазушылар одағының отырысы өтті.

Түркі дүниесінде ортақ әдеби саясатты қалыптастыру және әдебиет саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткізілгенбұл отырыста ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының 2027 жылға арналған іс-шаралар бағдарламасы айқындалды. Сонымен қатар ортақ баспа және аударма жобалары, жас қаламгерлерге арналған бастамалар, цифрлық әдебиет мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллектінің әдебиетке, жазушылыққа, аударма ісіне және баспа саласына ықпалы талқыланды.

Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан Жазушылар одақтарының төрағалары мен өкілдері қатысты.

Жиынға қатысқан Қазақстан Жазушылар одағының аппарат жетекшісі Еділбек Дүйсен ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының 2027 жылға арналған іс-шаралар бағдарламасына енгізу мақсатында Жазушылар одағы тарапынан бірқатаржоба мен іс-шара жөніндегі ұсынысты жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top