Шархан Қазығұлдың «Таңдамалы шығармалар жинағының» тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Омаров мерейтой иесіне Мемлекет басшысының құттықтауын табыс етті. Сондай-ақ қаламгерге ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары табысталды.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, зиялы қауым өкілдері мен жазушылар қатысты.

Жинаққа қаламгердің әр жылдары жазылған көркем және публицистикалық шығармалары кірген.

Scroll to Top