Бүгін жас қаламгерлерге өнертану кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, театртанушы ғалым Амангелді Мұқан;
Белгілі жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет», «Парасат» ордендерiнiң иегері, қазақ прозасы мен журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қали Сәрсенбай;



Жазушы, драматург, аудармашы әрі театр режиссері, «Алып балықтың күрсінуі» прозалық жинағының және бірқатар драмалық шығармалардың авторы Асылбек Ықсан дәріс оқыды.
Дәрістер барысында қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдістері, көркем шығармашылықтың қыр-сыры, драматургия мен театр өнерінің ерекшеліктері туралы кеңінен мағлұмат алып, тәжірибелі қаламгерлермен еркін пікір алмасты.
