Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ТөрағасыМереке Құлкенов Қазақстандағы корейлер қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Георгий Канмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени-әдеби байланыстарды дамыту, екі ел қаламгерлерінің шығармашылық қарым-қатынасын нығайту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Қазақстанда тұратын кәріс жазушыларының әдеби мұрасы, олардың қазақ әдебиетімен байланысы және қазіргі шығармашылық үдерістегі орны туралы пікір алмасты.

Георгий Кан кездесуде алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, Алматы қаласында кәріс мәдениеті мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған K-Park ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жаңа мәдени кеңістіктің қазақ-кәріс әдеби және мәдени байланыстарын одан әрі жандандыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Кездесу соңында тараптар әдебиет пен мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top